Өңірлер

Қызылордада су тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр

© Photo : пресс-служба акима Кызылординской областиСырдарья
Сырдарья - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2022
Жазылу
Облыста су шаруашылығы нысандарын жөндеу 1 сәуірге дейін толық аяқтау жоспарланған
АЛМАТЫ, 6 ақпан – Sputnik. Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі су тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.
"Қазір өңіріміз үшін ең өзекті мәселе суға қатысты екені белгілі. Сырдариядағы су көлемінің жеткілікті деңгейде болмауы мені де алаңдатады. Бұл ретте бірлескен шешімдерді қабылдау күн тәртібінен түскен емес. Осы аптада премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында су деңгейінің мәселесі қаралып, өз тарапымыздан өңірдегі су тапшылығына қатысты ұсыныстарымызды жеткіздік. Осы мақсатта экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірге әзірленген өңірлік жол картасы пысықталды", - деп жазды Әбдіқалықова Facebook парақшасында.
Айтуынша, үкімет басшысы Өзбекстанда өтетін үкіметаралық жиында Сырдария өзенінің төменгі ағысына су жіберу көлемін ұлғайту мәселесі бойынша өзара келіссөздер жүргізеді. Өңір басшысы экология министрлігі және "Қазсушар" коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе арнайы штаб құрылып, су тапшылығынан шығуға қажетті қадамдар жасалатынын жеткізді.
"Шаруалар түсіністік танытып, суды үнемдеп пайдаланудың технологияларын енгізуге көшуі керек. Әр 10 күн сайын ахуал сараланып отырады. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда", - деді облыс әкімі.
Айта кетері, облыста су шаруашылығы нысандарын жөндеу жұмыстарын 1 сәуірге дейін толық аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімі қысқартылған күріш дақылының орнына суармалы суды аз қажет ететін дақылдардың егіс көлемдерін ұлғайту міндетін қойды.
Оқи отырыңыз: Министрлік суы тартылған Сырдарияға қатысты түсініктеме берді - видео
Жаңалықтар
0