Видео

Алматыда тәртіпсіздікке қатысқандарға арматура таратқандар ұсталды – видео

Жазылу
Олардың бұл әрекетін оқиға куәгерлері видеоға түсірген
Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура таратқан ер адамдар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы қаласы полициясы экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, 20 мен 24 жас аралығындағы алты ер адам ұсталды. Полиция ұсталғандардан жауап алған сәттің видеосын жариялады. Ол жерде жігіттер арматура таратуға ақылдасып шыққанын мойындайды.
Сондай-ақ Төле би бойында темірді жерге тастағандарын, ал наразылыққа шыққандар оларды алғанын айтты. Көліктің ішінде 40-50 арматура болған.
Олардың бұл әрекетін оқиға куәгерлері видеоға түсірген. Видеодан адамдардың ГАЗель ішінен арматура алып, жерге тастап жатқаны көрінеді. Барлығы Төле би даңғылының бойында шығыс бағытта болған.

"5 қаңтарға қараған түні "Шаңырақ" ықшам ауданындағы үйлердің бірінде адамдар болгарканың көмегімен темір арматура бөліктерін (70 см) дайындап, келесі күні жаппай тәртіпсіздік қатысушыларына таратқаны анықталды", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандар тәртіп сақшылардың денсаулығына зақым келтіру мақсатында тәртіпсіздікке қатысушыларға арматура тарату үшін түні бойы темір арматуралар дайындағанын мойындады.
Оларға қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген айып тағылып отыр. Олар қамауға алынды.
Жаңалықтар
0