Саясат

Тоқаев Татарстан президентімен Қазан Кремлін аралады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев посетил Казанский Кремль
Касым-Жомарт Токаев посетил Казанский Кремль
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Жазылу
Бірегей тарихи кешен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарының екінші күні Қазан қаласында болды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев ең алдымен "Қазан Кремлі" мемлекеттік тарихи-архитектуралық және көркем музей-қорығын аралады. Ондағы көрікті жерлерді Қазақстан президентіне Татарстан басшысы Рустам Минниханов таныстырды.
Минниханов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енген осы бірегей тарихи кешен туралы әңгімелеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлі аумағындағы "Құл Шариф" мешіті мен Благовещенский соборын аралап көрді.
Мешітте Татарстан Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин Құран оқыды.
Касым-Жомарт Токаев и Рустам Минниханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2022
Саясат
Тоқаев Қазан қаласына барды
Благовещенский соборында Қазақстан президенті Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді биыл елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.
"Құл Шариф" мешіті Қазан хандығының әйгілі ескерткіші – XVI ғасырдың екінші жартысына дейін бұзылмай тұрған көне соборлы мешітті еске алу мақсатымен 2005 жылы Татарстанның тұңғыш трезиденті Минтимер Шаймиевтің жарлығына сәйкес салынған және оның атауы имам Құл Шарифтің құрметіне қойылған.
Благовещенский соборының іргетасы 1552 жылы орыс патшасы IV Иван Грозныйдың жарлығымен қаланған.
Жаңалықтар
0