Оқиға

Қазақстандық ММА шеберін Мәскеуде атып кетті — БАҚ

© Photo : Instagram / bagdat_mmaБағдат Дүйсембаев
Бағдат Дүйсембаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2022
Жазылу
БАҚ мәліметінше оған фитнес клубтың күзетшісі оқ атқан
НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Қазақстандық ММА шебері Бағдат Дүйсембаев Мәскеуде ауыр жараланып, жансақтау бөліміне түсті.
РенТВ хабарлауынша, оған фитнес клубтың күзетшісі оқ атқан.
Кейбір мәлімет бойынша, спорт әлемінде Қазақ атымен танымал Бағдат Дүйсембаев спорт клубына абонемент сатып алу үшін келген.
Ол көлігін тұраққа қойып, абонементті рәсімдеп жатқанда күзетші көлігін алуды талап текен.
Арада жанжал шығып, күзетші Дүйсембаевқа алты рет оқ атқан.
"Оқ атылғаннан кейін медицина мамандары 30 жастағы Бағдат Дүйсембаевты ауруханаға жеткізді. Ер адамның кеуде тұсына оқ атылған. Қазір тиісті көмек көрсетіліп жатыр", - деді телеарнаның ақпарат көзі.
Даудың шығуына не себеп болғаны белгісіз. Қазір бұл мәселемен құқық қорғау органдарының өкілдері айналысып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Дүйсембаевтың қазіргі жағдайы туралы еш хабар жоқ.
Бағдат Дүйсембаев әуесқой ММА-да еркін күрестен өнер көрсетеді. Оның қоржынында екі жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең түсу нәтижесі бар.
Дүйсембаев TOPDOG аясында жарысқа түсіп жүрді.
Жаңалықтар
0