Экономика

Қазақстанда доллар бағамы 450 теңгеден асты: айырбастау пункттері сауданы тоқтатты

© Sputnik / Владислав Водневайырбастау пункттері
айырбастау пункттері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Кешеден бері Қазақстанда доллар бірден 15 теңгеге қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сауданың қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар бағамы бір доллар үшін 452 теңгені құрады.
Осылайша шетелдік валюта бірден 15 теңгеге қымбаттады. Бір күн бұрын, яғни 23 ақпанда сағат 17:00-дегі мәлімет бойынша Қазақстанда бір доллар құны 437 теңге болды.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарының барлығында дерлік долларды сату уақытша тоқтатылды, еуро саудасының жағдайы да осындай.
1 долларды орташа есеппен 451,58 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сататын үш айырбастау пункті жұмыс істеп тұр.
Алматыда ақша айырбастау орындарының көбі долларды сатып алуды және сатуды жалғастырып жатыр.
Алайда он шақты айырбастау пункті сауданы тоқтатты.
Мегаполисте бір доллар орта есеппен 458,53 теңгеден сатып алынып, 464,26 теңгеден сатылып жатыр.
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кейбір ақша айырбастау нүктелерінде бір долларды 465 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында еуро 503-505 теңгеден саудаланып жатыр. Ал Шымкентте бір доллар 444-449 теңгеден, еуро 498-502 теңгеден сатылып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк кезектен тыс шешім шығарып, базалық ставканы 10,25 проценттен 13,5 процентке өсіргенін хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтар
0