Экономика

АвтоВАЗ Lada-ның бағасын бірден 15%-ке көтерді

© Photo : LADA Kazakhstan/facebookLADA Granta
LADA Granta - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз - Sputnik. "АвтоВАЗ" концерні 1 наурыздан бастап LADA автомобильдерінің бағасын күрт өсірді. Модельдік қатардағы орташа өсім - шамамен 15%.
Қазіргі бағаға сәйкес, қазір ең арза Lada Granta 685 мың рубль немесе 7 мың доллар ға сатылады(+14%). Ал Vesta – 1 миллион 33 мың рубль немесе 10,5 мың доллар (+20%), Largus Universal – 1 миллион 77 мың рубль немесе 10,9 мың доллар (+30%), Xray – 1 миллион 10 мың рубль немесе 10 мың доллар (+22%), Niva Legend – 777 мың рубль немесе 8 мың доллар (+9%), Niva travel болса, бір миллион 4 мың рубль немесе 10 мың доллар (+14%).
Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын.
АвтоВАЗ толық өндіріс циклі бойынша автомобильдер мен Lada және Renault-ға арналған компоненттер шығарады. Зауыттар Тольятти мен Ижевскіде орналасқан.
Lada бренді бес модельден тұрады: Vesta, Xray, Largus, Granta және Niva. Брендтің ресейлік автомобиль нарығында 20%-тен астам үлесі бар. Жиырмадан астам елде ұсынылған.
Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі боынша компания 2021 жылы Ресейдегі 350,7 мың көлік сатқан. Өсім - 2%.
Lexus көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Қоғам
Жаңа автокредит бағдарламасы: алғашқы жарнаны кімдер төлемейді
Жаңалықтар
0