Қоғам

Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін шектеу енгізілді

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуЖол
Жол  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2022
Жазылу
Уақытша шектеу көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау үшін енгізіліп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанда көктем айларында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
"Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Осылайша 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары жолдарында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.
Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін шектеу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында енгізіледі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Қазақстанның қай өңірлеріне су тасқыны қаупі төніп тұр
Жаңалықтар
0