https://sputnik.kz/20220315/atyrau-politsiya-video-23517648.html
Атырауда полициядан қашқан жүргізушінің біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Атырауда полициядан қашқан жүргізушінің біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
Ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін 15.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-15T09:45+0500
2022-03-15T09:45+0500
2022-03-15T09:45+0500
видео
мас жүргізуші
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_b52a5dbf3d9a2d65c2df2464f30e23e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Атырауда көлік жүргізушісі полициядан артқа қарай жүріп қашқан. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Видеода Lada Priora қатты жылдамдықпен артқа қарай жүріп барады. Оны патрульдік көлік қуып кетеді.Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 13 наурызда түнгі сағат 03:00-дің шамасында болған. Полицейлер "Caspian Towers" тұрғын үй кешені маңайында Lada Priora көлігіне тоқтауға бұйрық берген. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, артқа қарай жүріп қашқан.Енді қашқын қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 2-тармағы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, жол құрылыс жайларын және өзге де мүлікті бүлдіруге алып келген әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Көлік айып тұрағына қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.Айта кетері, ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/07/11910725_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_48cd06b5d610c34b7a167df1b3d4516a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мас жүргізуші
Атырауда полициядан қашқан жүргізушінің біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды
Ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз – Sputnik. Атырауда көлік жүргізушісі полициядан артқа қарай жүріп қашқан. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Видеода Lada Priora қатты жылдамдықпен артқа қарай жүріп барады. Оны патрульдік көлік қуып кетеді.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 13 наурызда түнгі сағат 03:00-дің шамасында болған. Полицейлер "Caspian Towers" тұрғын үй кешені маңайында Lada Priora көлігіне тоқтауға бұйрық берген. Бірақ жүргізуші тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, артқа қарай жүріп қашқан.
"Көлік жүргізуші мас болған. Қашып бара жатқанда электр қалқанына соғылды. Бұған дейін көлікті мас күйде жүргізгені үшін жауапқа тартылған екен. Сол кезде қалалық соттың шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған. Соған қарамастан, тағы рөлге отырған", - дейді полицейлер.
Енді қашқын қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 2-тармағы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, жол құрылыс жайларын және өзге де мүлікті бүлдіруге алып келген әрекеттер) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Көлік айып тұрағына қойылды. Ал жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Айта кетері, ол төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.