Қоғам

Қар және жаңбыр: наурыздың соңғы күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Жазылу
Қазгидромет 29-31 наурыздағы ауа райына болжам жасады
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының соңғы күндері елдің барлық аумағында жауын-шашын түседі. Ауа температурасы көтеріледі.
Алдағы үш күнде Солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің барлық аумағында жауын-шашын болжанып отыр: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жаңбыр мен қар күтілуде.
"Республика бойынша тұман, көктайғақ болжануда. Желдің жылдамдығы 15-28 м/с дейін барады, солтүстік пен оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан да қатты күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады", - деп хабарлады Қазгидромет.
Сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6°C аяз...2°C жылы, оңтүстік жартысында 5°C аяз...5°C жылы, күндіз батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде -+10...+20°C дейін, солтүстігінде +2...+8°C, шығысы мен орталығында +3...+11°C дейін.

Ірі қалалардағы ауа райы

29 наурызда Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -7 градус суық, күндіз +2 градус жылы.
Ертең Алматыда күн бұлтты, кешке нөсер жауын жауады. Түнде +7, күндіз +14 градус.
Шымкентте де күндіз жаңбыр жауады. Түнде +7, күндіз +2 градус жылы.
Жаңалықтар
0