Әлем

Баку орталығында жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар

© Photo : EliasSchАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
Елдің ішкі істер министрлігі төтенше жағдайға не себеп болуы мүмкін екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Баку орталығында түнгі клубтардың бірінде жойқын жарылыс болды. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды haqqin.az.
"Алдын ала болжам бойынша, LocationBaku түнгі клубында жарылыс газдың шығуынан болған. Оқиға орнында ІІМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды. Қаза тапқандар мен жаралылар саны нақтылануда",– деді Әзербайжан ІІМ баспасөз қызметінің басшысы Эхсан Захидов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Баку ауруханаларына 24 жаралы – 13 ер адам және 11 әйел жеткізілді. Көбісінің денесін күйік шалған.
Haqqin.az жедел жәрдем қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлағандай, алдын ала ақпарат бойынша түнгі клубтағы жарылыстан үш адам көз жұмған.
Қазір ол жерде ТЖМ өрт қызметі мен құтқару бригадалары жұмыс істеп жатыр.
Айта кетері, түнгі клуб небәрі екі апта бұрын ғана ашылыпты.
Жаңалықтар
0