Әлем

Антарктида орталығында ауа температурасы күрт көтерілді

© Photo : CC0 / SkeezeАнтарктида
Антарктида - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2022
Жазылу
Ресейлік ғалым мұндай құбылыс алғаш рет тіркеліп отырғанын айтты. Бұл климат өзгеруінің белгісі болуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Австралиядан жеткен "жылу толқыны" Орталық Антарктиданың 40 градусқа күрт жылуына себеп болды. Бұл аномалды құбылыс 18 наурызда тіркелген, деп хабарлады РИА Новостиге осы құбылысты зерттегеннен кейін Арктикалық және антарктикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры Александр Макаров.
Ғаламшардағы ең суық жер саналатын ресейлік антарктикалық "Восток" станциясында 18 наурызда термометр бағаны минус 17,7 градусты көрсетті. Әдетте бұл аумақтағы ауа температурасы осы кезеңде минус 55-60 деңгейінде болып келген. Бұл Орталық Антарктида үшін бұрынғы рекордтық температурадан шамамен 15 градусқа жоғары. Жылу толқыны Арктикамен де жүріп өтті – Шпицбергенде рекордтық 3,9 Цельсий градус тіркелді.

"Ғалымдар мұндай құбылысты "жылу толқыны" деп атайды. Австралияда бұл жиі кездеседі. Әйткенмен мұндай "толқын" алғаш рет жағалаудан мыңдаған километр қашықтыққа – Антарктиданың орталық бөлігіне жетті. Бұл климат өзгергенінің белгісі екені анық. Мұны ғалымдар ескерусіз қалдырмайды", - деді Макаров.

Ол австралиялық ыстықтың әсері шамамен екі жыл бұрын да тіркелгенін айтты.
Ғалымның айтуынша, ол кезде "жылу толқыны" тек жағалау маңындағы станцияларда тіркелген. Құрлық ішіндегі күрт жылу биыл бірінші рет анықталды.
Жаңалықтар
0