https://sputnik.kz/20220407/talgar-ortalyq-bazar-ort-24038967.html
Талғарда орталық базар өртенді
Талғарда орталық базар өртенді
Sputnik Қазақстан
Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді 07.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-07T08:05+0500
2022-04-07T08:05+0500
2022-04-07T08:08+0500
оқиға
талғар
өрт
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15253665_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_cf5796232d8013ddf424d61818499af8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Талғар қаласының орталық базарында өрт шықты. Оқиға түнгі сағат екіде болған.Өрт ошағының жалпы ауданы мың шаршы метрге жуық жерді құрайды.Төтенше жағдайлар бөліміне түнгі сағат 2.01-де контенерлердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді. Сағат 2.07-де келген өрт сөндірушілер 360 шаршы метр жердің өртенгенін анықтады.Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді. Өрт сағат 3.51-де сөндірілді. Алайда ол кезде өрт аумағы 900 шаршы метрден асты.Өртті бірінші болып күзетші байқаған. Оның айтуынша контейнерлердің бірінен түтін шығып жатты.Өрт кезінде базар маңына тауарлардың иелері де келді. Кейбіреулері өртеніп жатқан базардан тауарларын шығаруға тырысты. Полиция олардың қауіпсіздігі үшін ішке кіргізбеді.Нәтижесінде бір ер адам мен полиция қызметкері арасында жанжал туындады.Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
талғар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15253665_610:0:3341:2048_1920x0_80_0_0_ec277215a650dd79ef382587567831ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
талғар, өрт
Талғарда орталық базар өртенді
08:05 07.04.2022 (жаңартылды: 08:08 07.04.2022) Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Талғар қаласының орталық базарында өрт шықты.
Оқиға түнгі сағат екіде болған.
Өрт ошағының жалпы ауданы мың шаршы метрге жуық жерді құрайды.
Төтенше жағдайлар бөліміне түнгі сағат 2.01-де контенерлердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келді. Сағат 2.07-де келген өрт сөндірушілер 360 шаршы метр жердің өртенгенін анықтады.
Көмекке Есік қаласының өрт сөндіру техникасы да келді. Өрт сағат 3.51-де сөндірілді. Алайда ол кезде өрт аумағы 900 шаршы метрден асты.
Өртті бірінші болып күзетші байқаған. Оның айтуынша контейнерлердің бірінен түтін шығып жатты.
Өрт кезінде базар маңына тауарлардың иелері де келді. Кейбіреулері өртеніп жатқан базардан тауарларын шығаруға тырысты. Полиция олардың қауіпсіздігі үшін ішке кіргізбеді.
Нәтижесінде бір ер адам мен полиция қызметкері арасында жанжал туындады.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.