Қостанайда жас жігіт балаларға пышақ сермеді

© Sputnik / Абзал КалиевИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Ойын алаңында балалар мен жаяу жүргіншілерді пышақпен қорқытқан 19 жастағы жігітті Қостанай полициясы ұстады.
"Бұл оқиға балалар ойнайтын алаң жанында болды. Ол балалар, жасөспірімдер мен жаяу кетіп бара жатқан адамдарға шабуыл жасады", - дейді куәгер.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 10 сәуірде кешке қарай осы оқиға туралы "102" жедел желісіне бірнеше хабарлама түскенін растады.
Мас күйдегі жас жігіт ұсталып, оны айықтыратын мекемеге жеткізді, деп жазды "Наша газета".
Осы факті бойынша процестік шешім қабылданады.
Жаңалықтар
0