Қазақстанда телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылды

© Sputnik / Владислав ВодневТелевизордың пульті
Телевизордың пульті - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты телерадиоарналар кешке дейін істемейді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан хабар тарату саласындағы ұлттық операторына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін, 20 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
"Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қазақстанның хабар тарату саласындағы ұлттық операторы – "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жауып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы түрде тарату үшін қажет. Оған қоса, техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да атқарылады.
Жаңалықтар
0