Шымкентте көпбалалы ана үшем туды

CC0 / / Иллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2022
Жазылу
Соңғы бес айдың ішінде қалада демографиялық өсімнің рекордтық көрсеткіші тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласында бес баланың анасы бірден үш нәрестені дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Дәрігерлер әйелді тұрақты бақылауда ұстаған. Жүктілік кезінде ешқандай қиындық болған жоқ. Ал 35 аптадан кейін дүниеге үшем – бір ұл және екі қыз дүниеге келді. Салмағы – 2000-2470 грамм, бойы – 40-42 см. Айсұлтан, София мен Аяла тағы екі аптадай дәрігерлердің бақылауында болды. Күні кеше анасымен бірге перзентханадан шықты.
"Үшем табиғи жолмен, яғни ешбір ЭКО-сыз дүниеге келді. Бұған дейін Гүлмира Юсупова бізде босанған. Қазір үйде тағы бес баласы күтіп отыр", - дейді дәрігерлер.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың басынан бері Шымкент қаласында екінші рет үшем дүниеге келіп отыр. Жалпы, соңғы бес айдың ішінде мегаполисте демографиялық өсімнің рекордтық көрсеткіші тіркелді. Осы уақыттың ішінде 10 649 нәресте – 5484 ұл мен 5165 қыз туған.
Жаңалықтар
0