Қоғам

Өзбек полицейлері қазақстандықтарды электрошокермен ұрған: СІМ нота жолдады

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookҚазақстанның сыртқы істер министрлігі
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Қазір полиция қызметкерлері жұмыстан шеттетілді, қызметтік тергеу жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға нота жолдады. Оған жергілікті полицейлердің қазақстандық туристерге электрошокер қолданғаны себеп болған.
"Қазақстан СІМ мән-жағдайды анықтау үшін хат жолдады. Біз өз азаматтарымыздың құқығын қорғаймыз. Әлеуметтік желіде таралған видеода Өзбекстанның құқық қорғау органдары қазақстандықтарға электрошокер қолданғаны көрінеді. Өзбекстан қоғамының өзі мұны айыптап отыр. Десе де біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Еске салсақ, 20-нан 21 мамырға қараған түні Самарқанда құқық қорғау органдарының қызметкерлері қазақстандық туристерді тоқтатып, құжат көрсетуді талап еткен. Артынан жанжал шыққан. Сол кезде полицейлер электрошокер қолданған.
Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі бұл фактіге қатысты қызметтік тергеу басталғанын, қызметкерлер жұмыстан шеттетілгенін мәлімдеді.
Электрошокер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Өзбек полициясы қазақстандық туристерге электрошокер қолданды – видео
Жаңалықтар
0