Өңірлер

Сарқандағы оқиға: анасы қызын қалай өлтіргенін айтып берді

© Photo : pixabayОйыншық
Ойыншық - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2022
Жазылу
Өткен аптада Алматы облысы Сарқан қаласының қоқыс полигонынан 5 жасар қыздың мәйіті табылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Алматы облысының Сарқан аудандық соты қызын өлтірген анасы мен әйелдің ағасына қатысты бұлтарпау шарасын қолдану мәселесін қарады. Сол кезде оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Сот материалдарына сәйкес, 8 ақпанда 19 жастағы қыз ағасымен бірге таксиге отырған. Церебральды сал ауруына шалдыққан баласы да жанында болған. Үшеуі жолда түсіп қалған.

"Сол кезде ол ағасына тумасынан аурушаң және есепте тұрған баласына қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып оны өлтіруге ұсыныс жасаған. Келіспеген жағдайда өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп, екеуі баланы өлтіруге бел буған", - делінген сот хабарламасында.

Осыдан кейін екеуі баланы алып, қала сыртындағы бұрынғы зауытқа қарай барған. Сол жерде қоқыс төгетін жер болған.
"Дәрменсіз баланы жерге жатқызып, қылқындырып өлтірген. Баланың жан тапсырғанына көз жеткізген. Одан кейін мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды", - дейді сот мамандары.
Қазіргі кезде екеуі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігімен ("алдын ала сөз байласу арқылы жас баланы өлтіру") бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер өз жасаған қылмысын мойындап, үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын сұраған. Бірақ тергеу аяқталғанша екі ай мерзімге күзетпеу ұстау санкциясы берілді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетері, өткен аптада Алматы облысы Сарқан қаласының қоқыс полигонынан 5 жасар қыздың мәйіті табылды. Полиция баланың анасын анықтады. Ол жауап алу кезінде қызының церебральды сал ауруымен ауырғанын, ал ақпан айында қатты ауырып, көз жұмғанын айтты. Осыдан кейін 21 жастағы ағасымен бірге қызды қаланың шетіне көміп тастағанын жеткізген болатын.
Жаңалықтар
0