Екатеринбургтен Ақтауға әуе рейсі ашылады

© Photo : PixabayАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Red Wings әуе компаниясы алғаш рет Екатеринбургтен Ақтауға рейс ашады. Бұл бағдар бойынша 100 орындық SSJ100 лайнерлері ұшады.
Алғашқы рейс 11 маусымда орындалады.
"Маусым айында Ақтауға рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. Шілдеден бастап екінші апталық жиілік қосылады – сейсенбі күндері де ұшуға болады", - делінген компания хабарламасында.
Бұған дейін Red Wings Ақтауға ұшпайтын, наурыз айында әуе компаниясы Екатеринбургтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға рейс ашты.
Жаңалықтар
0