Өзбекстанда қыз 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген

© Photo : Издание "Народное слово"Шафоатова Мукаддам Равшан кызы
Шафоатова Мукаддам Равшан кызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2022
Жазылу
Ол Мукаддам деген есімді таңдаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Өзбекстанда 20 жыл бойы ер адамның есімімен өмір сүрген қызға жаңа куәлік берілді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Белгілі болғандай, қыз дүниеге келген кезде ата-анасы есімін қате жаздырған. Осылайша, қызға "Шафоатов Олим" деген куәлік берілген. Отбасы тұратын таулы ауыл аудан орталығынан 180 шақырым қашықтықта болғандықтан, құжат рәсімдеуге жете алмаған. Сондықтан ер адамның есімі қалып қойған.
"Кеш болса да, бұл қателік түзетілді", - дейді Дехканабад ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы Озода Ашурова.
Қызға "Шафоатова Мукаддам Равшан қызы" деген атпен жеке куәлік берілген. Енді жылына екі рет таулы ауылдарда мобильді қабылдау өткізу жоспарланып отыр.
АХАЖ-ның мобильді қабылдау кабинеті 4 жылдан бері шариғат бойынша ғана қосылған ерлі-зайыптылардың неке туралы куәлігін алуға көмектескен. Сонымен қатар, туу туралы куәлікті 17 баланың ата-анасы, ал неке қию туралы куәлікті тағы 8 отбасы алған.
Мобильді қабылдау бөлімінің қызметкерлері көптеген азаматқа заңгерлік кеңес берген.
Новорожденный - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2020
Қоғам
"Жасырын ақпарат бар": қазақ балаға қандай есім қоймаған?
Жаңалықтар
0