Қызыл теңізде 15 мың қой тиелген кеме суға батып кетті

© Sputnik / Абзал КалиевҚой
Қой - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Суданнан Сауд Арабиясына мыңдаған қой апара жатқан кеме Қызыл теңіздегі Суакин портында суға батып кетті, деп хабарлады The Guardian.
Кемеде 15 800 қой болған, алайда мұндай кеме тек 9 000 малды көтере алатыны аталып өтті.
Қойдың көпшілігі қырылды. Экипаж кемеден шығып үлгерген.
Оқиға жексенбі күні таңертең болған. "Бадр" кемесі айлақтың маңында бірнеше сағаттың ішінде су астына кеткен.
Суға батқан малдың жалпы құны 4 миллион долларға бағаланды.
Алайда билік бәрінен бұрын оның экологияға тигізуі мүмкін зардаптарына алаңдап отыр.
Жаңалықтар
0