Оқиға

Алматыда "Терраса" дәмханасы өртеніп жатыр

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2022
Жазылу
Отқа оранған ғимараттан әрқайсысы 50 литрлік 3 газ баллоны шығарылды
НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Алматының Алатау ауданында Рысқұлов-Момышұлы қиылысында өрт басталды.
Қалалық ТЖ департаменті екі қабатты "Терраса" дәмханасы жанып жатқанын растады.
Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер жоғары шақыру рангы бойынша жұмыс істеп жатыр.
Жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге 23 техника мен жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды.
Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Жаңалықтар
0