Өңірлер

40 градусқа дейін ыстық болады – шілде айына ауа райы болжамы

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2022
Жазылу
Айдың екінші онкүндігінің басында аптап ыстық болжанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстаның батысында айдың басында, ал қалған өңірлерде бірінші онкүндіктің ортасында ауа райы жауын-шашынды, оқта-текте нөсер жауын жауады.
Бұл кезеңде Солтүстік теңіз аудандарынан суық ауа массаларының ығысуына байланысты елдің солтүстік жартысында түнде +5+13°С, күндіз ауа температурасы +18+28°С-тан +12+17°С-қа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік жартысында түнде сынап бағанасы +20+25°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +30+38°С-тан +23+30°С-қа дейін түседі.
Бірінші онкүндіктің соңы мен екінші онкүндіктің басында аптап ыстық қайта оралады.
Күндіз ауа температурасы:
оңтүстік-батыс жартысында – +30+40°С;
солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33°С дейін көтеріледі.
Айдың ортасында ауа температурасы тағы төмендейді. Республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Оңтүстік және батыс өңірлерде шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.
Айдың екінші жартысында ауа температурасы құбылады:
елдің оңтүстік жартысында түнде +15+20°С-тан +18+25°С-қа дейін,
күндіз +25+30°С-тан +35+42°С-қа дейін;
солтүстік жартысында түнде +10+15°С-тан +15+20°С-қа дейін,
күндіз +20+28°С-тан +28+35°С-қа дейін.
Жаңалықтар
0