Экономика

Қазақстандық дрондар экспортқа шығарылады

© Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіҚазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шығарылады
Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шығарылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
Алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Сербияның "YUGOIMPORT-SDPR" компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомство мсәліметінше, келісімге орай отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары аталған мемлекеттің нарығына шығарылмақ. Сондай-ақ келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды.
Оның ішінде заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген.
Басқосуға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық және шетелдік компания өкілдері, сондай-ақ жауапты ұйым басшылары қатысты.
"Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсетін боламыз", – деп атап өтті министрлік басшысы.
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек.
"Біздің компания үшін бұл дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бұл бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді", – деді Әбдірахманов.
Жаңалықтар
0