Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік туралы заңға түзету енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневКомпьютер пернетақтасы
Компьютер пернетақтасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
Заң цифрлық құжат сервисін қолдану саласын кеңейтіп, электронды құжаттарды оның қағаз түріндегі аналогтарына теңестіреді.
Сондай-ақ заң ауылдық елді мекендердегі байланыс сапасын жақсартуды және мемлекеттік қызметтердің құнын төмендетуді қарастырады.
Жаңалықтар
0