Әлинұр Хамзин Витебскідегі "Славян базарында" екінші орын алды

Әлинұр Хамзин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 16 – Sputnik. Жас талант "Қазағым-ай" әнін орындады. Бірінші орынды Ресей өкілі алса, үшінші орынды Болгария мен Мексиканың жас әншілері бөлісті. Ал Беларусь Грант-при иегері атанды.
Еске салсақ, Әлинұр Хамзин 2021 жылы "Балалар Евровидениесіне" қатысып, жерлесі Бекнұр Жәнібекұлы екеуі сегізші орыннан көрінген болатын.
"Витебскідегі Славян базары" халықаралық өнер фестивалі – Беларусь республикасындағы елдер мен континенттерді біріктіретін ең ірі мәдени форум. Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді, оған 24 елдің өкілдері қатысты.
Қазақстандық орындаушылар 20 жыл бойы жыл сайын фестивальдің ересектер мен балалар байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Мысалы, 2015 жылы – Димаш Құдайберген, 2019 жылы – Әділхан Макин, 2021 жылы Рухия Байдүкенова Бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Садырбаев (Аmre) жүлдегер атанды.
Жаңалықтар
0