Қоғам

Қазақстандық музыкант "Ұйқым келмейді" әнінің жаңа нұсқасын ұсынды

© Photo : VK / Мади ТоктаровМади Токтаров (M'Dee)
Мади Токтаров (M'Dee) - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2022
Жазылу
Алина Шәкиеваның орындауындағы "Ұйқым келмейді" әні қысқа уақыттың ішінде танымыл болып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. ТМД бойынша танымал қазақстандық әнші M"Dee (Мәди Тоқтаров) "Ұйқым келмейді" әнінің жаңа нұсқасын жариялады.
Музыкант оны R"n"B стилінде орындап берді. Бір тәулікке жетпей, ролик елу мыңнан астам лайк жинады. Жүздеген адам комментарий жазды.
"Керемет, мынаны тыңдап мүлдем ұйқым келмейді", - деп жазды біреу. Енді біреулер "Өзі көрсе, сатып алатын еді", "Бұны қайдан жүктеп алуға болады?", "Брат, сен айтсайшы осыны", "Күлдіретін өлеңді жылататын өлең етіп жібердің ғой" деп өз бағасын берді.
Айта кетері, Алина Шәкиеваның орындауындағы "Ұйқым келмейді" әні қысқа уақыттың ішінде танымыл болып кетті.
10 күннің ішінде бейнеклип Youtube желісінде 2,2 миллион рет қаралып, трендке шықты.
Жаңалықтар
0