Қызылорда облысында арнадан ауыл тұрғынының денесі табылды

© Sputnik / Елена БережнаяСу
Су - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Жазылу
Құқық қорғау органдары мал іздеуге кеткен ер адам неден көз жұмғанын анықтайды
ҚЫЗЫЛОРДА, 11 тамыз— Sputnik. 9 тамызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданында мал іздеуге кетіп, із-түссіз жоғалған ер адамның денесі арнадан табылды. Куәгерлер оны бейсенбі күні соңғы рет сол маңнан 15 шақырым жерде көрген.

"Бүгін Жалағаш ауданында таңертең сағат 08.10-да 1950 жылы туған азаматты іздеу басталды. Ол 9-ы күні Жалағаш ауданындағы шаруашылықтан шығып, қайтып оралмаған", - деп хабарлады Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Іздеу жұмыстары Мәдениет ауылынан төрт шақырым жерде басталды. Оған кәсіби құтқарушылардан бөлек, 10 техника мен 100-ге жуық жергілікті тұрғын, полиция, кинологиялық бөлім, жоғалған адамның туыстары қатысқан.
"Сағат 10.05-те 15 шақырым жердегі суару каналынан тұрғынның денесі табылып, судан шығарылды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2022
Қостанай облысының әкімі бес жасар Мәдинаның отбасына көңіл айтты
Жаңалықтар
0