Қоғам

Рөлге мас күйінде отырған мемлекеттік қызметшінің баласы қамауға алынды

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2022
Жазылу
Көлік мемлекеттік мекемеге тиесілі болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының Успен ауданында рөлге мас күйінде отырған жас жігіт ұсталды. Оның жүргізуші куәлігі де болмаған. Ал көлік мемлекеттік мекемеге тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынаған мәліметке сәйкес, 15 тамыз күні таңғы сағат 04:19 шамасында Ольгино ауылында мемлекеттік мекемеге тиесілі көлік тоқтатылды.
Рөлді 24 жастағы жігіт болды. Ауыл тұрғыны рөлге мас күйінде отырған. Оны медициналық тексеріс те растады.
"Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды. Еер адам түнде үйдің ауласында әкесінің қызметтік көлігін сұрамай алғанын айтты. Әкесі ауданның мемлекеттік мекемелерінің бірінде жұмыс істейді", - дейді полицейлер.
Мемлекеттік қызметшінің баласы Әкімішілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы, 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша жауапқа тартылды. Тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алды. Ал көлік айып тұрағына қойылды.
Жаңалықтар
0