Спорт

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды

© Photo : Sports.kz.Қазақстан үш медаль жеңіп алды
Қазақстан үш медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
Сайыстар Болгария астанасы София қаласында өтті
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен U-20 жастар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Юсуф Мациев күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ирандық Әли Рамезаналимен кездесті. Отандасымыз 4:9 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Дінмұхаммед Қошқар (67 келіге дейін) мен Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) Қазақстан құрамасына қола медаль әкелді.
Қошқар "қола" үшін тартыста түрік Онур Юртадан 3:2 есебімен басым түссе, Сайлау украиналық Никита Алексеевті 3:0 есебімен жеңді.
Жаңалықтар
0