Павлодарда бірнеше көлік жол апатына ұшырады: бір адам көз жұмды

© Photo : Rico_LoebЗнак аварийной остановки на дороге
Знак аварийной остановки на дороге - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. Павлодарда бірнеше көлік жол апатына ұшырап, жүргізушілердің бірі көз жұмды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, "Metro" дүкенінің аумағында "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі "Lada Priora" көлігімен соқтығысқан. Содан кейін ол тағы екі көлікке тиіп, бірнеше рет аударылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы туралы қоңырау 29 тамыз күні сағат 22:15-те түскен.
"Жол апатынан 25 жастағы екі жігіт зардап шекті. Олардың бірі көз жұмды. Екінші ер адамның сол жақ сан сүйегі сынған. Ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді басқарма мамандары.
Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0