Италия қазақстандық студенттерге виза беруді неге кешеуілдетіп жатыр

© Pixabay / TravelCoffeeBookРим
Рим - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2022
Жазылу
Италияға виза алғысы келетін қазақстандықтар саны өскен
НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандық студенттер Италия визасын неге ала алмай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Смадияровтың айтуынша, бұл мәселе Қазақстан СІМ басшылығының бақылауында. Италияның Қазақстандағы елшісімен және консулымен тиісті кездесулер өткен.
"Олардың ақпаратынша, виза беруді кешіктірудің негізгі себебі – соңғы айларда келіп түскен өтініштер санының артуы. Ай сайын консулдық бөлім 3000-ға жуық визаны өңдейді және береді. Италиялық дипломаттар бұл мәселені шешіп, виза рәсімдейтін қызметкерлер санын 2 есеге көбейтеміз деп сендірді", - деді СІМ ресми өкілі брифингте.
Айтуынша, көші-қон ережелерінің қатаңдатылуына байланысты Италия елшілігінің консулдық бөлімі студенттердің 22 құжаттан тұратын әрбір өтінімін мұқият тексеруге мәжбүр. Бұл өтініштерді өңдеу процесіне әсерін тигізеді. Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі студенттерге виза алу үшін құжаттарды ертерек тапсыру қажеттігіне назар аударды.
Смадияров 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, шет мемлекеттердің ұлттық визаларды ресімдеу мәселесі әрбір елдің ішкі заңнамасымен реттелетінін және әрбір мемлекеттің айрықша құзыретіне жататынын атап өтті.
Жаңалықтар
0