Депутат Қазақстанға келген ресейліктерге қазақ тілін үйретуді ұсынды

© Sputnik / Елена БережнаяВолонтеры организовали горячий чай для прибывающих россиян
Волонтеры организовали горячий чай для прибывающих россиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов Қазақстанға келген ресейліктерді жіті бақылауға алып, қазақ тілі мен дәстүрге үйретуді ұсынды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Ақ жол" фракциясы премьер-министрге депуттық сауал жолдап, Қазақстанға келіп жатқан ресейліктерге қатысты бірнеше шараны қолға алуды ұсынды.
"Біріншіден, көшіп келушілердің Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтары үшін қалалар мен елді мекендерде бейімдеу орталықтарын ашып, бұл орталықтарда оларға Қазақстан тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру, қазақ тілі курстарын ашу және әрбір көшіп келген шетел азаматын бейімдеу орталығынан өтуді міндеттеу керек", - деді фракция өкілі Берік Дүйсенбинов.
Бұдан бөлек, депутаттар әрбір қоныс аударушының қос азаматтығын тексеру керек деп санайды.
"Үшіншіден, ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама ( Tik-Tok,   Telegram,  Instagramm,  Vkontakte и т. б.) мен мониторинг жүргізіп,  ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазбалардың авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, оларды елден шұғыл аластау қажет", - деп атап көрсетті Дүйсенбинов.
Осы орайда депутат шекараны жабу туралы ұсыныстарға қатысты фракцияның көзқарасын да жариялады.
"Ең алдымен, мұндай шешімге баруға мемлекетіміздің халықаралық келісімдері кедергі. Сонымен қатар біз қолына қару ұстаудан бас тартқан ресейліктерді қабылдай отырып, соғысқа қатысушылардың  санын азайтып, осы  арқылы еліміз бейбітшілік үшін үлес қосты деп есептейміз", - дейді Дүйсенбинов.
Жаңалықтар
0