Қазақстандық дипломат АӨСШК Бас хатшысы болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневГенеральный секретарь СВМДА Кайрат Сарыбай
Генеральный секретарь СВМДА Кайрат Сарыбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне қатысушылар қазақстандық дипломат Қайрат Сарыбайдың ұйымның бас хатшысы қызметіне тағайындады.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.
Бұған дейін Қайрат Сарыбай АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры қызметін атқарған. Бүгінгі саммит кезінде осы лауазымның атауын бас хатшыға ауыстыруға шешім қабылданды.
"Ұйымға мүше мемлекеттерге ең жоғары қолдау жасау үшін және трансформацияны ілгерілету мақсатында төрағалық саммитке АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды АӨСШК бірінші бас хатшысы қызметіне тағайындауды ұсынады", - деді Тілеуберді саммит кезінде.
Қатысушылар осы ұсынысты қолдады.
Жаңалықтар
0