Шетелдіктер үшін емханаға тіркелу алгоритмі белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевБольница
Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2022
Жазылу
Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы
АЛМАТЫ, 17 қазан — Sputnik. Электронды денсаулық сақтау орталығының мамандары еңбек мигранттары Қазақстандағы емханаларға қалай тіркеле алатыны туралы айтты.
Қазақстан аумағына уақытша келетін шетелдіктер ерікті медициналық сақтандыру шарты негізінде тіркеледі.
Бұл туралы брифингте Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова айтып берді.
"Егер шетелдіктер республикаға келіп, Алматыда ұзақ уақыт болса, олар ерікті медициналық сақтандыру шарты аясында аумақтың кез келген емханасына тіркеле алады", – деді ол.
Бұл жағдайда берілетін көмек көлемін шетелдік азамат шарт жасасқан медициналық ұйым анықтайды.
Тұруға ықтиярхаты немесе тұрақты тұрғын мәртебесі бар шетелдіктердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде, МӘМС шеңберінде тіркелуге және көмек алуға құқығы бар. Ол үшін электронды үкіметтің жеке кабинеті арқылы тіркеуге өтінім беру жеткілікті.
Бүгінгі таңда Алматының медициналық ұйымдарына 22 мыңнан астам шетелдік тіркелген, олардың 5 мыңнан астамы Ресей азаматы.
Гүлнәр Ысқақова халықаралық келісім аясында ТМД азаматтарына ТМККК шеңберінде шұғыл көмек тегін көрсетілетінін атап өтті.
"Егер пациент инсульт алса немесе миокард инфарктісі болса, онда шұғыл көмек аясында стационарға жеткізіледі және ауруханаға жатқызылады", – деп атап өтті Гүлнәр Ысқақова.
Айта кетері, 15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталды. Ол 15 қарашаға дейін жалғасады.
Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті 73 ұйым көрсетеді, оның 40 – мемлекеттік.
Жаңалықтар
0