НАТО елдерінің қатысуымен Steadfast Noon оқу-жаттығулары басталды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуОсмотр территории "Азовстали" российскими военными
Осмотр территории Азовстали российскими военными - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2022
Жазылу
Steadfast Noon әскери іс-шарасы Мәскеуде және Ресей Федерациясының батыс бөлігіндегі басқа да ірі қалаларда стратегиялық ядролық қаруды жауынгерлік қолдану шегінде өтіп жатыр
Steadfast Noon ядролық оқу-жаттығуы 17-30 қазан аралығында НАТО-ға мүше 14 елдің әуе күштерінің қатысуымен өтіп жатыр. АҚШ-тың В61 термоядролық бомбалары сақталған Бельгияның Лимбург провинциясындағы елдің әскери-әуе күштерінің Кляйн Брогель базасы оқу-жаттығулардың эпицентрі болады. Еуропаның солтүстік-батысында, Бельгия мен Ұлыбританияның әуе кеңістігінде, сондай-ақ Солтүстік теңіз үстінде ядролық соққы жасау әрекетін жүргізу маневрлердің мақсаты болып отыр.
Термоядролық авиабомбалар мен зымырандарды тасымалдауға қабілетті 60 америкалық В-52 бомбалаушы және F-16 жойғыш ұшағы басты рөлді атқарады. Авиабомбалар мен зымырандар ұшақтардың бортында жоқ екені туралы ақпарат сенімсіз. Өйткені олай болса, онда ядролық оқу-жаттығуларда мән болмас еді.
Жалпы Бельгияда, Германияда, Италияда, Нидерландыда және Түркияда түрлі дерек бойынша 150-ден 200-ге дейін америкалық В61-12 ядролық бомбалары тұрақты сақтауда тұр. Олардың әрқайсысы екі Хиросимаға тең екенін ескеру керек. В-52Н АҚШ-тан әкелінгені белгісіз, бірақ Stratofortress тактикалық ядролық қаруды тасымалдаушы емес. Әрбір "стратегтің" жауынгерлік жүктемесі 31 тоннадан асады, арсеналда қашықтығы 980 километр болатын AGM-158A/B JASSM-ER және қашықтығы 2400 километрге жететін AGM-86 CALCM (термоядролық оқтұмсығымен) қанатты зымырандарының бірнеше модификациясы бар.
Яғни, маневрлер Ресейден жарияланған қауіпсіз қашықтықта (1000 километр) емес, Мәскеуде және Ресей Федерациясының батыс бөлігіндегі басқа да ірі қалаларда стратегиялық ядролық қаруды жауынгерлік қолдану шегінде өтіп жатыр.
Бір күн бұрын НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Steadfast Noon оқу-жаттығуларының маңыздылығы туралы айтты: "НАТО-ның берік, болжамды іс-әрекеті, біздің әскери күшіміз шиеленістің алдын алудың ең тиімді жолы".
"Украинадағы (сондай-ақ, Ирак, Ауғанстан, Сирия, Ливия, Югославиядағы) оқиғалар НАТО-ның шиеленіс құралы екенін дәлелдеді. Steadfast Noon маневрлері Ресей, Еуропа және әлемге төнген қауіп болып табылады. Еуропадағы америкалық одақтастарда Ресей Федерациясына тұрақты ядролық соққы жасайтын "қос мақсаттағы" ұшақтардың көлемі шамадан тыс жоғары. Сондықтан НАТО елдері де үнемі ресейлік ядролық триаданың межесінде тұр", - деп жазды әскери шолушы.
Еуропадағы Steadfast Noon оқу-жаттығулары жыл сайын өткізіледі. 14 елдің әскери-әуе күштерінің жауынгерлік қолдануының мән-жайы құпия сақталады, бірақ ядролық қаруды қолданатын шабуылдаушы әуе операциясының бас жоспарын жасыру мүмкін емес.
Америкалық термоядролық бомбаларды қабылдау және тасымалдау, пайдалануға дайындау (бағдарламалау) және ұшақ бөлімшелеріне тиеу тұрақты пысықталады. Ұйымдастырушылар ұшулар ядролық қарусыз орындалып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен, ресейлік радар В-52Н немесе F-16 қандай оқтұмсықтарды Ресей Федерациясының шекарасына жақын жерде алып жүргенін көрсетпейді. Сонымен қатар, Steadfast Noon маневрлері кезінде НАТО-ны Ресеймен тікелей әскери қақтығысқа тарту үшін техногендік апаттар, найзағай, өрт, тіпті украиналық арнайы қызметтердің лаңкестік әрекеттерінің ықтималдылығы жоғары.
НАТО-ның ядролық саясатына сәйкес, төтенше жағдайда одақтас елдер Еуропада орналасқан АҚШ-тың В61-12 әуе бомбаларын пайдалана алады. Сондықтан, блоктың ішкі қайшылықтары Stadfast Noon әскери іс-қимылдарының технологиялық қауіпсіздігіне қатысты күмәнді күшейтеді. Бұл жерде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған әрекеттер көрінбей тұр.
Геосаяси қарсыластарының әрекетіне қатысты Мәскеуде қарап отырған жоқ. Батыс Ресейдің "Гром" оқу-жаттығуларына және Ресей Федерациясының Стратегиялық ядролық күштерінің іс-шараларына қатысты алаңдаушылық танытты. Норвегиялық Faktisk басылымының хабарлауынша, Ресей қазірдің өзінде "АҚШ-тағы және бүкіл Еуропадағы нысандарға ядролық қарумен шабуыл жасай алатын" 11 Ту-160 және Ту-95 стратегиялық зымыран таситын бомбалаушы ұшақтарын Норвегияға жақын аумаққа орналастырған.
Әскери сарапшының пікірінше, екі ядролық держава арасындағы шиеленіс жалғасып жатыр. Ал Stadfast Noon әлемге Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін төндіріп тұр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0