Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аяқталды

© PhotoТәжікстандағы "Шекара – 2022" оқу-жаттығуы
Тәжікстандағы Шекара – 2022 оқу-жаттығуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Жазылу
Қазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шекара – 2022" оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Тәжікстандағы "Харбмайдон" полигонында Орталық Азия өңірінің "Шекара – 2022" Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен бірлескен оқу-жаттығулары аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігі.
Оқу-жаттығу барысында Қазақстанның десанттық-шабуылдаушы күштерінің бөлімшелері ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттерінің өкілдерімен бірлесіп, заңсыз қарулы жасақтарды жою бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларының кешенін пысықтады. Ведомствода атап өткендей, әскери қызметшілер іс-қимылды бейтаныс таулы аймақта орындады.
© PhotoҚазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шекара – 2022" оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады
Қазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Шекара – 2022 оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Қазақстандық десантшылар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының "Шекара – 2022" оқу-жаттығуларында арнайы тапсырмаларды орындады
Қазақстан мен Тәжікстанның роталық тактикалық топтарынан құралған біріктірілген айналма жасағы жау бөлімшелерінің жолын кесті.
Қазақстандық десантшылар елді мекенге ойдағыдай басып кіріп, заңсыз қарулы құрамаларға әскери техникалардан, ату қарулары мен гранатометтерден соққы жасады. Содырлар тобын жойып, әскери қызметшілер межелі орынға тұрақтады.
© Photo : Пресс-служба министерства обороны Казахстана Тәжікстандағы "Шекара – 2022" оқу-жаттығуы
Тәжікстандағы Шекара – 2022 оқу-жаттығуы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2022
Тәжікстандағы "Шекара – 2022" оқу-жаттығуы
"Харбмайдон" полигонындағы тәжірибелік іс-шараларға Орталық Азия аймағындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері, бірлескен штабтың жедел топтары мен ұйым хатшылығы қатысты.
Оқу-жаттығуларға қатысушылардың жалпы саны 1000-ға жуық адамды құрады. Іс-шараға 300-ден астам әскери, арнайы және авиациялық техника, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0