Спорт

Бек Нұрмағамбет мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағамбет (7-0, 5 КО) тағы бір қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Нұрмағамбет мексикалық боксшы Лусиано Араухомен (6-5-3, 3 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек Мексиканың астанасында супер орта салмақ дәрежесі бойынша өтті. Боксшыларға 8 раунд берілді. Бірақ қазақстандық боксшы өз қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Бек Нұрмағамбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жекте жеңіске жетіп отыр. Ал Лусиано Араухо алтыншы рет жеңілді. 24 жастағы Нұрмағамбет былтыр супер орта салмақта WBA International титулын ұтып алған болатын.
Айта кетері, бұған дейін Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) Мехикода өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен. Ол да жергілікті боксшы Йеассон Сервантесті (6-1, 3 КО) екінші раундта нокаутқа жіберді.
Жаңалықтар
0