Қазақстанда 19 мың қызметкер алғаш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

© Photo : UnsplashДевушка с книгой в руке проводит время в библиотеке
Девушка с книгой в руке проводит время в библиотеке - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.10.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Бүгін Қазақстанның 19 мың кітапханашысы тұңғыш рет кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Астанада өткен салтанатты жиында кітапханашы мамандарға "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі, министрліктің кұрмет грамотасы мен алғыс хаттар табысталды.
Мәдениет және спорт министрі Дәурет Абаевтың айтуынша, Қазақстанда 70 миллион дана кітап қоры бар. Ал кіптапхана ісінің қажеттілігіне және кітапхана ісінің күрделілігіне ешкім күмән келтірмейді.
"Дегенмен қоғам арасында "кітапханалардың ғасыры аяқталды, олардың қызметі қағаз тасығыштар дәуіріндегі атавизм ретінде ескіреді, интернет пен цифрлық трансформация арқасында қоғамдық кітапхананың орнын бір ғана смартфон баса алады" деген сынды теріс пікірлер бар. Мен мұндай пікірмен түбегейлі келіспеймін. Жалпы, технологияға көзсіз табыну мен цифрға деген соқыр сенім біздің ұрпақтың санасын құндылықтарға терең бойлауға мүмкіндік бермей, адастырады деп санаймын", – дейді Абаев.
Қазіргі кезде республика бойынша 11 мыңнан астам кітапхана жұмыс істейді. Соның 7 мыңнан астамы білім беру жүйесіне қарасты, 3 мыңнан астамы мәдениет және спорт саласына қарайды.
"Кітапхана – бұл білімге үңіліп, саналы түрде, жайлы ортада оқуға келетін ғибадатхана. Біз күнделікті күйбең тірлік қарбаластан арылып, руханият әлеміне енуге мүмкіндік туғызатын қастерлі орын. Сондықтан біз кітапхана ісін қолдайтын боламыз. Бұл біздің берік ұстанымымыз", – деп атап көрсетті Абаев.
Жаңалықтар
0