Өңірлер

Таразда қатты желден мемлекеттік ту жыртылып, бірқатар нысанға зақым келді

© Sputnik / Ақмарал ШағатайТараз қаласы
Тараз қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Таразда қатты жел соғып, бірқатар нысанға зақым келді. 25 билборд , 28 баннер, 3 пилон, 1 қоршау зақымдалды, Тұңғыш президент саябағындағы 6х12 өлшемді Мемлекеттік ту жыртылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Төле би даңғылындағы үйдің 50 шаршы метр жұмсақ шатыры мен гофрленген тақтайшаның және Менделев 3-ші тұйық көшесіндегі үйдің 40 шаршы метр жұмсақ шатыры зақымданғаны туралы хабар келіп түсті. Білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Жел салдарынан "Шаңырақ" ауданындағы 920-шы трансформаторлық торапқа өтетін электр желісі істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды. Сондай-ақ, 15 шағын ауданда 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді.
Әкімдік ақпаратына сәйкес, жеке үйлердің тұрғындарынан жарық сөнгені туралы 16 арыз түскен. Осы мекенжайлар бойынша электр қуатын қалпына келтіру үшін БГЭС-тің 6 апат бригадасы жұмыс істеп жатыр. Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қала бойынша 3 бригада жұмылдырылып, бірқатар көшелердің қиылысындағы бағдаршам жұмысы қалпына келтірілді.
"Жол апатын болдырмау және кептелістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.
"Жол апатын болдырмау және кептелістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.
Жаңалықтар
0