Спорт

Әлем чемпионаты-2022: Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Колумбияның Богота қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.
96 келіге дейінгі салмақтағы ерлер сайысында Бахрейннің намысын қорғаған Колумбия тумасы Лесман Паредес жеңіске жетті. Ол жалпы есеп бойынша 397 келі (жұлқып көтеруден – 185, серпе көтеру – 212) көтерді.
Екінші орын Қазақстанға бұйырды. Отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы 383 келі (174+209) көтерді.
Ал колумбиялық Джор Морено қола жүлдегер атанды – 380 (171+209).
Айта кетері, бұл әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин "қола" жеңіп алған болатын.
Жаңалықтар
0