Денсаулық

Дәрігер суық тиюден дәрісіз жазылу әдісін айтты

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСуық тию
Суық тию - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің Челябі қаласындағы аурухананың бас дәрігері Дмитрий Тарасов мұрын бітуді дәрі-дәрмексіз қалай емдеуге болатыны туралы айтты.
"Мұрын бітуді емдемеуге болады деп санайды. Бұл дұрыс емес. Егер дұрыс емдемесе, салдары ауыр болуы мүмкін. Мен бір әжені білемін. Ол жарты сағат сайын мұрнына нафтизин тамызуының салдарынан ай сайын мұрын қуысын "тесуге" тура келетін. Бұл тәуелділіктен басқа, бірқатар ауруы бар науқастарда жанама әсерлер де тудыруы мүмкін", - деп жазды Тарасов өзінің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында.
Дәрігер аяққа арналған ыстық ванналар қабылдауға, балтырға қыздыратын қыша қағаз тартуға және мұрынды тұзды ерітіндімен шаюға кеңес береді. Бұл әрекеттер ісінуді азайтады және шырыштың азаюына себепші болады. Сонымен қатар, тұзды ерітінділерді кішкентай балаларға да қолдануға болады.
Каланхоэ және алоэ суық тию кезінде таптырмас емдік құрал. Таза немесе сумен араластырылған күйде жапырақтардың шырынын үш тамшыдан мұрынға тамызу керек. Түймедақ пен жалбыз қосылған ыстық шай мұрынның шырышты қабығындағы ісінуді жеңілдетеді және шырыштың бөлінуін азайтады, ал су немесе түрлі шай ішу режимін сақтау шырыштың құрылымын өзгертеді.
Жаңалықтар
0