Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады

© Sputnik / Svetlana Shevchenko / Медиабанкке өтуЖаңа жыл
Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың қаңтарында қазақстандықтар үш күн – 1, 2 және 3 қаңтар демалады.
1 қаңтар жексенбіге түседі, сондықтан мереке 3 қаңтарға ауыстырылды.
Жаңа жылдық мерекелер барлығы төрт күнге созылады: биыл 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сондықтан бес күндік жұмыс аптасы барлар тағы бір күн демалады.
Православ Рождествосы 7 қаңтарда тойланады. Бірақ биыл ол сенбіге сәйкес келіп тұрғандықтан, ауыстыру қарастырылмаған.
Қазақстандықтар қаңтар айында барлық сенбі мен жексенбі күндерін қосқанда 11 күн демалады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2022
Қоғам
Діни күндер кестесі бекітілді: 2023 жылы Ораза қашан басталады
Жаңалықтар
0