Елорда тынысы

Астанада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал КалиевОбщественный транспорт в Нур-Султане работает в штатном режиме
Общественный транспорт в Нур-Султане работает в штатном режиме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 30 желтоқсан - Sputnik. CTS демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары Астананы қоғамдық көлікпен қалай аралай алатынын хабарлады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі.
2023 жылдың 1 қаңтары – демалыс күнінің кестесіне сәйкес:
Бұл күні барлық қалалық және қала маңындағы №303, 304, 306, 307, 320, 323, 326 бағыттар сағат 10.00-ге дейін бір автобустан, ал сағат 10.00-нан кейін әдеттегі кесте бойынша жүреді, деп еске салды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қала маңындағы маршруттар – №302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319, 321, 322, 327 – сағат 10.00-нан жүре бастайды. Демалыс күннің кестесіне сай жүреді.
2 және 3 қаңтарда да демалыс күндерінің кестесі қолданылады.
Одан кейінгі күндер қоғамдық көліктердің жұмысы әдеттегі қозғалыс кестесіне сәйкес тұрақты режимде болады, деп атап өтті әкімдік.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2022
Қоғам
Астанада кәмелетке толмаған қызды автобуста зорлаған жүргізуші сотталды
Жаңалықтар
0