Тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Осы уақытқа дейін мұғалімдердің жалақысы екі есеге артты.
"Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл – біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптер тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен "Алтын белгі" иегерлері келе бастады", - деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2023
Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер көлемі артты
Жаңалықтар
0