Қазақстандықтар "Горизонт-2100" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Үш қазақстандық "Горизонт-2100" халықаралық ғылыми және ғылыми-фантастикалық шығармалар байқауының жеңімпазы атанды.
Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ден астам жұмыс, оның ішінде Қазақстаннан 10 жұмыс ұсынылды.
Байқау қорытындысы бойынша бірден үш қазақстандық жеңімпаз атанды:
"Ғылымның болашағы" номинациясында Виталина Шевчуктің (Астана) "Динозаврлардың тірілуі"ғылыми-фантастикалық жұмысы бірінші орынды жеңіп алды;
"Жаһандық әлемнің болашағы" номинациясы бойынша екінші орын Айсұлу Талайбекқызының ғылыми жұмысына (Шымкент) берілді;
"Жарқын бастама" номинациясында Айсана Құсайынованың (Петропавл) "Болашақтың вакцинасы"ғылыми-фантастикалық жұмысы жеңімпаздар қатарында болды.
Айта кетері, "Горизонт 2100" байқауы әртүрлі елдердің жастарын болашақ туралы жаңа идеяларды, ғылыми болжамдарды, ғылыми-фантастикалық ұсыныстарды іздеуге ынталандырады. Байқауды Болашақты модельдеу орталығы (Мәскеу) ұйымдастырған.
Жаңалықтар
0