Қоғам

"Мемлекет 116 680 теңге төлейді": Отбасы банк мәлімдеме жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Отбасы банк 10 жыл еңбек өтілі үшін мемлекеттен 116 680 теңге алуға болады деген ақпаратты жоққа шығарды.
Қазнетте 10 жыл еңбек өтілі бар азаматтар Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге ала алады деген ақпарат тарады. Алаяқтар мемлекеттен берілетін төлем Отбасы банктегі шотқа аударылатынын айтады. Осылайша азаматтардан сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp нөміріне "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды.
Алайда Отбасы банк бұл ақпарат фейк екенін мәлімдеді.
"Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін күмәнді сілтемелерге өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - делінген Отбасы банктің хабарламасында.
Жаңалықтар
0