Биыл миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. 20 өңірде халықты жұмыспен қамту картасы бекітілді. Бұл туралы халықты жұмыспен қамту жөніндегі шараларды іске асыру мәселелеріне арналған үкіметте өткен кеңесте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады.
"2023 жылы өңірлік карталар шеңберінде 947,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, оның ішінде 70,2 мың адам іске асырылып жатқан ұлттық жобалар шеңберінде; 161 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына; 341,8 мың адам мемлекет басшысының "10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны" бастамасы шеңберінде; 320,4 мың адам жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына; қалған 54,3 мың адам облыстарды дамыту, шағын несиелеу және тағы басқа бағдарламалар шеңберінде жұмысқа орналасады", – деді Тамара Дүйсенова.
Сондай-ақ министр жыл басынан бері республика бойынша 97,9 мың адам жұмысқа орналастырылғанын, оның ішінде: 61 мың адам белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылғанын; 24,3 мың адам бос жұмыс орындарына орналастырылғанын; 11,8 мың адам жеке бастамалар шеңберінде; 743 адам ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде жұмысқа орналасқанын хабарлады.
Сонымен қатар Тамара Дүйсенова осы жылдың наурыз айында басталатын жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға арналған 2,5%-дық шағын несиелендіру бағдарламасын ұйымдастыру жұмыстары туралы хабардар етті, шағын несиелер беруге 29 млрд теңге қарастырылған, бұл 5,8 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.
Вице-премьер Алтай Көлгінов мемлекет басшысының атқарушы органдардың алдына 2029 жылға дейін 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмысқа орналастыру міндетін қойғанын еске салды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2023
Қоғам
2029 жылға қарай 2,3 млн жас қазақстандық жұмыспен қамтылады
Жаңалықтар
0