Қытай пандемиядан сәтті шығып, әлеммен қарым-қатынасты толығымен қалпына келтіруге дайын

© Photo : Пресс-служба Международного аэропорта Алматы В Казахстан доставили китайскую вакцину Vero Сell
В Казахстан доставили китайскую вакцину Vero Сell - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Қытай пандемиядан сәтті өтті және Еуропа мен әлеммен байланысты толығымен қалпына келтіруге дайын, деді Қытай компартиясы орталық комитетінің сыртқы істер жөніндегі комиссия кеңсесінің басшысы Ван И.
"Қытай пандемия кезеңінен сәтті шықты. Еуропа және әлеммен байланысын қалпына келтіруге толығымен дайын", - деді Ван И Мюнхенде ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррелмен болған кездесуде.
Ван И тараптар Қытай мен ЕО көшбасшыларының жаңа кездесулеріне белсенді түрде дайындалу қажеттігін, қарым-қатынасты пандемияға дейінгі деңгейге мүмкіндігінше тезірек жеткізу үшін әрекет жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Ол сондай-ақ жаһандық өндіріс пен жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын ҚХР мен ЕО бірлесіп қолдауға тиіс екенін айтты.
ҚХР билігі өткен жылдың желтоқсанында экономикаға, жаһандық өндірістік және логистикалық тізбектерге, туризмге және мемлекетаралық алмасуларға теріс әсер еткен антиковидтік саясаттыбелсенді түрде әлсірете бастады.
8 қаңтардан бастап Қытай шетелден келушілер үшін карантин мен ПТР тестілеуді толығымен алып тастады.
Жаңалықтар
0