Бесағаш ауылында екі үйді топырақ басып қалды

© Photo : ТЖД баспасөз қызметіБесағаш ауылында тау баурайынан батпақты топырақ жылжыды
Бесағаш ауылында тау баурайынан батпақты топырақ жылжыды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағаш ауылында тұрғын үйлерді топырақ басып қалды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
© Photo : ТЖД баспасөз қызметіБесағаш ауылында тау баурайынан батпақты топырақ жылжыды
Бесағаш ауылында тау баурайынан батпақты топырақ жылжыды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2023
Бесағаш ауылында тау баурайынан батпақты топырақ жылжыды
Оқиға 27 ақпанда болған. 25-26 ақпанда жауған жаңбыр аралас қар мен қызыл су салдарынан үй іргесіндегі тау баурайынан батпақты топырақ жылжып, екі үйді жартылай басып қалған. Тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы қақыраған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.
"Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің, "Қазселденқорғау" ММ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері дереу жіберілді. Оқиғаның нақты себептері мен келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылды. Түскен топырақтың болжамды көлемі 360 текше метр. Екі үйде тұратын 9 адам басқа жаққа уақытша орналасты", - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0