Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталық жабылады

© Photo : pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталықтың жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қазақстанда ем-домның бұл түрі дәстүрлі медицинаға жатпайды. Қазір арнайы жұмыс тобы осындай орталықтарға заң жүзінде жұмыс істеуге рұқсат беру-бермеу жағын талқылап жатыр.
"Атыраудағы орталық тексеріліп, ол жерде санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылық болғандықтан, ол орталықты жабу рәсімдері жүріп жатыр. Оны медициналық көмекті бақылау комитеті де тексеріп, көптеген заң бұзушылықты анықтады", - дейді Ғиният.
Айта кетері, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялаған болатын. Хиджаманы медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Тексерістің нәтижесі бойынша айыппұл салынды.
Жаңалықтар
0